Биткоин — блокчейн технологиясына негізделген орталықтандырылмаған криптовалюта жүйесі.
Binance платформасындағы мәліметке сәйкес, биткойн бағасы жаңа тарихи максимумды жаңартып, $120 000 шегінен асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәскеу уақытымен 06:41–де криптовалюта $120 мыңға жетіп (+1,87%), ал 06:45–те өсімін жалғастырып, $121 014,73 деңгейіне дейін көтерілді (+2,82%).
9 шілдеде биткоин бағасы $100–$110 мың аралығында бір жарым ай бойы тұрақтағаннан кейін, $111 999 деңгейіне жетіп, алдыңғы рекордты жаңартқан еді. Бұған дейінгі тарихи максимум 2025 жылдың 22 мамырында, биткоин $111 980 болған кезде тіркелген.