ҚазАтомӨнеркәсіп меморандумға қол қойды.
Ұлттық компанияның мәліметінше, меморандум Словакияның атом электр станцияларына табиғи уран концентраты мен уран диоксиді (UO₂) түріндегі ядролық отынды жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.
"Бұл келісім – біздің еуропалық серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Словакия үшін атом энергетикасы – тұрақты әрі сенімді энергия көзі. Сондықтан біз бұл әріптестіктің ұзақмерзімді әрі өзара пайдалы боларына сенеміз", – дейді ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Slovenské elektrárne компаниясы – Словакиядағы бүкіл атом электр стансаларының бірыңғай операторы. "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық компаниясы бұған дейін швейцариялық Axpo Power AG, франциялық Orano және Framatome сияқты бірнеше еуропалық компаниямен осыған ұқсас құжаттар бекіткен болатын.