Педагог-психолог Мира Ерланқызы әйелдер қауымына үндеу жасады. Өзін кәсіби кочу деп таныстыратын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдің тұрмысқа шыққан жұрты оның «өз жұрты» болатынын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қымбатты аналар, барған жеріңіз сіздің қайын жұртыңыз емес. Ол — сіздің өз жұртыңыз. Қыз баласы өз жұртым деп барған елін қабылдамайынша, ұлым ұлтан болады деп ойламай-ақ қойыңыз. Жиһаздың жақсысы ағашынан, баланың жақсысы нағашыдан дейді. Бірақ, ол өз жұртының адамы. Сондықтан келген ел — өз жұртыңыз, шыққан жеріңіз — төркініңіз. Соны қабылдаңыздар. Өз жұртыңыздың тарихын ене беріңіздер», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол өз жұртын толық қабылдаған әйелдің баласы да мықты болатынын айтты.

«Адам бәйтерек болып өсуі үшін оның тамыры өте маңызды. Тамыр көзге көрінбегенімен өзегіне қорек беретін негізгі энергия көзі. Қазір балалардың тән осалдығы мен рухани аштығы осы тамырмен байланысы әлсіздігінен. Ағаш тамырымен мықты дейді. Балаңыз мықты болсын десеңіз, барған жеріңізді қалай бар, солай қабылдап үйреніңіз», — деп жазды ол.

Аталмыш видеоны желі қолданушылары қызу талқылауда. Бұл тақырыпқа қатысты олардың пікірі екіге бөлінді. Бірі коучтың пікірімен келіссе, тағы бірі әйелдің төркіні өз жұрты болып саналатынын айтуда.

«Өте дұрыс! Жиенді немере деп күйдірді жаңа қазақтар. Одан қалса жиен немере деп», «Әйелде жұрт болмайды. Өз жұртым деп еркек айтады. Әйел келген жерім дейді», «Дұрыс айтасыз! Нәпсі шіркін келіспей қалып жатады ғой, жар таңдауда дұрыс таңдау керек, тегін біл деп бекер айтпаған екен ау», «Құдай Америка ашып отырғандай болмашы. Ата-бабаларымыз соны білмей қалыпты ма? Жеті қазына деген кітапты оқысың бәрі анық жазылған», — деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мира ЕРЛАНҚЫЗЫ | Кәсіпкер (@mira_yerlan)