Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары Ақтасты ауылы маңындағы таулы аймақта жоғалған 10 жастағы баланы іздестірді.
Жасөспірімнің жақындары басында өз күшімен іздеп көрген. Нәтиже болмаған соң құқық қорғау органдарың көмегіне жүгінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияға түн ортасында хабар түскен. Белгілі болғандай, бала туыстарымен бірге тауға саңырауқұлақ теруге шыққан. Кенет ол ересектерден қалып қойып, жолдан адасып кеткен.
Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары хабар түсе салып, шұғыл түрде іздестіруді бастады. Таулы аймақта түнгі уақыт пен аумақтың нашар көрінгеніне қарамастан, іздеу жұмыстарын бір сәт тоқтатпады.
Жақындары баланы іздестіруге атсалысқан құтқарушылар мен полицейлерге кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.
– Ең бастысы – бала аман-сау табылды. Мұндай жағдайда әр минут маңызды, біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті полицейлер.