Жаңа Салық кодексі маусым айында Парламентте қабылданды .
Бұл бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға және экономиканың өсуін ынталандыруда мемлекеттің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс аяқталды, құжат маусым айында Парламентте қабылданды. 2026 жылдан бастап жаңа салық тетіктері бюджетке шамамен 3-5 триллион теңге қосымша кіріс әкеледі деп күтілуде. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға және экономиканың өсуін ынталандыруда мемлекеттің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. 202-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттер жаңа бюджет және салық заңнамасы негізінде кешенді түрде әзірленеді", – деді министр.
Айта кету керек, бұған дейін ел экономикасы жарты жылда 6,2%-ға өскенін жазған болатынбыз.