25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту көзделіп отыр.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ел экономикасының нақты бағдарлары туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жыл соңына дейін біздің алдымызда нақты бағдарлар тұр. Атап айтқанда, экономиканың өсуін 6%-дан кем емес деңгейде ұстау; инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. Бұл ретте, 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады. Шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту; негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу; шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40% деңгейінде қамтамасыз ету. Біз сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырамыз", – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Айта кету керек, бұған дейін ел экономикасы жарты жылда 6,2%-ға өскенін жазған болатынбыз.