Бұл дерек бойынша ресми тергеу жұмыстары басталды.
Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 18:10–да Алатау ауданында болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатарлас жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан.
"Онымен қозғалысы тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, автобуспен және Subaru көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде 23 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл дерек бойынша ресми тергеу жұмыстары басталды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда пәтер тонады деп күдікке ілінген ер адам ұсталды