Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады. Осының өзінде Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты төрт пунктте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа қосылды .

Жыл соңына дейін тағы 5 өткізу бекеті: «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» пункттері жаңғыртылып, пайдалануға беріледі. Меже орындалса, барыс-келіс қарқын алып, шекарадағы заңбұзушылықтар азаяды. Бүгінгі таңда өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада 37% ұлғайды. Пунктердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды. Бұл жайлы Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады.