Бүгін сот процесінде жәбірленуші ретінде танылған блогер Олжас Садық куәлік бер
Ол – Газа секторындағы тұрғындарға қайырымдылық ретінде қомақты қаражат жинағандардың бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесінің екінші күні жалғасуда.
Іс куәгер Олжас Садықтан жауап алу барысында ол ел естімеген жайттан хабар беріп өтті.
Оның сөзінше, қаражат жинау 2023 жылдың қазан айында басталған. Ол досы, блогер Нәзім Мисановпен бірге әлеуметтік желіде видео жариялаған. Ол миллиондаған қаралым жинап, блогердің жеке банк шотына 83,5 миллион теңге түскен.
Олжас Садық жиналған қаржыны әуелде ЮНИСЕФ арқылы жіберуді жоспарлағанымен, ол ойы жүзеге аспаған. Басты себеп – Перизат Қайраттың байланысқа шығуы. Ерікті өзінің қор жұмысы туралы айтып, Қазақстандағы Палестина елшілігімен келісімшарт негізінде жұмыс істейтініне тоқталған. Сондықтан, Олжас Садықтың Перизат Қайратқа еш күмәні болмапты.
Қаржыны аударған соң ол Перизат Қайратпен бірге Абу-Дабиге барғанын айтады. Ондағы ұшу, тұру және тамақ шығынын айыпталушы төлеген.
Елге келгеннен кейін жәбірленуші бірнеше рет көмек көрсеткенін растайтын құжатқа қол жеткізуді ойлаған. Бірақ, Перизат Қайратпен байланысу мүмкін болмаған.
Сотта Олжас Садық гуманитарлық миссияны аяқтау үшін қайтадан ЮНИСЕФ-ке жүгінетінін жасырмады.