АҚШ-тың Жоғарғы соты Дональд Трампқа Білім министрлігін таратуға рұқсат берді. Ақ үй басшысы бұл жарлыққа наурызда қол қойған. Ол: «Білім беру мәселелері штаттар деңгейінде шешілуі керек», – дейді. Бұл оның сайлауалды бағдарламасының бір тармағы болатын. Трамп америкалық оқушылардың халықаралық тестілердегі математика мен оқу бойынша төмен нәтижесін уәж ретінде келтірген. Мамырда аталған шешімді Массачусетс соты тоқтатып қойды .

АҚШ-тың Білім министрлігі 1979 жылы құрылған. Мекемені толық жабу үшін Конгрестің қолдауы қажет.