Мәскеу ешқандай талаптарды , әсіресе ультиматумдарды қабылдамайтынын жеткізген.
Мұндай ақпаратты Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға байланысты соңғы сөзіне түсініктеме ретінде жасалған.
С.Рябковтың сөзінше, Ресей АҚШ пен НАТО-дан өзінің ұстанымына аса байыппен қарауды сұрайды. Ол Мәскеудің келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтып, дипломатиялық жолды әлі де ең қолайлы шешім деп санайтынына тоқталды.
Десе де, Ресейдің келіссөзі жауапсыз қалса, өз мақсатына арнайы әскери операция арқылы жетуді жалғастыратынын ескертіп отыр.
Бұған дейін АҚШ президенті Трамп Ресейге 50 күнде Украинамен бейбіт келісімге қол қоймаса, жағдайдың қиындай түсетінін ескерткен.
Ал РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың бұл мәлімдемесін өте маңызды деп санап, оларды сараптау уақыт алатынын жеткізген. Бұл мәселеге жақын арада Владимир Путин де пікір білдірмек.
Бұған дейін Зеленский Трампен сөйлескен соң қуанышты жаңалық барын жасырмай айтқан еді.