14 шілдеде жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізетін болды.

– Сырлау жұмыстарын жүргізген 54 жастағы ер адам астындағы баспалдақ сынғаннан кейін биіктіктен құлады. Жұмысшы басынан алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.