Әнші Ерке Есмахан екінші сәбиін бауырына басып , желіде отбасының су жаңа суреттерімен бөлісті.
Көпшілік Еркені өзге өнер иелеріне үлгі еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші желіде жан сырын ақтарып, елдің ықыласына бөленді.
«Роддомнан келіп, үйде естелікке түскен суреттер. Ал дәл қазір Муслим Америкада оқуда, Ислам ата-әжесімен Оралда, Батыр қасымызда. Кішкентай жақында 1 айға толды, енді қырқынан шығуды күтіп жүрміз. Барлығына Аллаға сансыз шүкір!
Уақыттың қалай зымырап жатқанын сезесіздер ма? Бәрі көзді ашып-жұмғанша өтіп жатыр. Сондықтан әр күнді бағалап, бақытты ғұмыр кешейік. Сәулелі сәттер көп болсын», — деп жазды ол.