Ертең курортқа баратын көлік жолы да жабылады .

"Шымбұлақ" базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Шымбұлақ" тау курортының баспасөз қызметі.

"Медеу–Шымбұлақ", "Комби-1" және "Комби-2" арқан жолдары профилактикалық қызмет көрсетуге байланысты 2 маусымға дейін жабық. Бұдан бөлек, ертең базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең, 24 мамыр күні таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін курортқа баратын көлік жолы да жабылады.


Оқи отырыңыз: Шымбұлақ жазғы форматқа көшеді: Аспалы жолдар қай күнге дейін жұмыс істейді