Әуежайдағы жолақта барлығы 1200 плита ауыстырылады.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, жұмыс биыл атқарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуежайдың ұшу-қону жолына жыл сайын жөндеу жасалып жатыр. Биыл 1200 плита ауыстырылады. Оған облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды. Бұл әуежай 6 айдың ішінде 532 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Өткен жылға қарағанда 5% артып отыр. Жалпы әуежай 10 бағытта рейс орындайды. Алтауы ішкі. Олар: Алматы, Астана, Атырау, Түркістан, Ақтау, Шымкент қалалары. Төртеуі халықаралық", – деді Есет Аманбаев. Айта кетейік, әуежайдағы плиталарды ауыстыруға 500 млн теңге қарастырылған.