Қазіргі уақытта айыптау тарапы сотталушының әлеуметтік желідегі парақшасын зерттеп-зерделеп жатыр.
Бүгінгі сот отырысында қылмыстық істегі жәбірленушілердің саны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекен айтып отыр. Ол аталған іс бойынша, яғни "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық ұйымына қаржы аударған 47 адамның анықталғанын мәлімдеді.
"Ірі көлемде қаржы ұрлады" деп айыпталған ерікті әрі қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға алданғандар саны әлі де артуы мүмкін.
Осы кезде сот қылмыстық іске қатысты дәлелдерді, яғни айыптау тарапы сотталушының әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият тексеруде.
Бұған дейін сотта Перизат Қайратқа алданған зейнеткер 1 миллион теңгесін қайтарып алғысы келетінін айтқан еді.
Сонымен қатар, Перизат Қайраттың блогерден 83,5 миллион теңге алғаны жарияланды.
Inbusiness.kz тілшісі прокурордың Перизат Қайрат пен анасының 3,5 млрд теңгені қайда жұмсағаны туралы айтқанын да жазған еді.