Сот процесі басталғанына небәрі 15 минут өткенде Перизат Қайраттың анасының денсаулығы сыр берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның адвокаты Гайни Алашбаева қорғауындағы адамның жағдайы күрт нашарлағанын айтты. Әйелдің өзі өзін жайсыз сезінуін қан қысымының көтерілуімен және тұмаумен байланыстырды. Бұған дейін де ол денсаулығына шағымданған еді.

Судья Сабыржан Каримов сотқа үзіліс жариялап, жедел жәрдем қызметкерлері оны тексеріп шығатынын мәлімдеді.