Мұндай статистикалық деректі ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев айтты.

Сонымен қатар, ол "Таза Қазақстан" акциясы аясында неше миллиард көшет отырғызылғаны туралы да ақпарат беріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Таза Қазақстан" бастамасының тағы бір маңызды бағыты – ел аумағын көгалдандыру және орман алқабын ұлғайту. Осылайша, мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы 1 млрд 369 млн көшет отырғызылды. Оның арасында Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті егілді, – деді ол.

Былтыр Қазалы ауданында 33 гектар аумақта жылына 3 миллион көшет өндіруге әлеуетті орман тәлімбағының құрылысы аяқталған еді. Қазіргі уақытта агротехникалық талаптарға сәйкес, 10 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілген.

– Биыл Аралдың құрғаған табанында 15 гектарлық тәлімбақ жобасы әзірленіп, құдық қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қызметкерлерге арналған өндірістік контейнер-модульдер жеткізілді, – деп нақтылай түсті Мансұр Ошурбаев.

Осыған дейін inbusiness.kz тілшісі "Қазақстанның шөлді аймағында алып орман пайда болуы мүмкін" деген тақырыпта сараптамалық мақала жазған еді.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Арал теңізінің ұлтанына қанша гектар сексеуіл егілгені туралы айтқанын да жариялаған болатын.