Бүгін Германияның Рейн-Рур аймағында Универсиада ойындары ресми түрде шымылдығын түрді.

Жарыс жолына алғашқылардың бірі болып суда жүзу шеберлері шықты. Бәсеке басталған бойда-ақ отандастарымыз тартысты додаға араласып, өз мүмкіндіктерін паш етті.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде ел үмітін арқалаған Айбат Мырзамұратов сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Ол қашықтықты 1 минут 1 секунд 22 миллисекундта бағындырып, жалпы есепте 13-орыннан көрінді. Бұл нәтиже — мықтылардың арасынан бой көрсеткен отандасымыз үшін үлкен жетістік. Ал финал жолдамасы үшін күрес бүгін Астана уақыты бойынша 22:38-де басталады.

Айта кетейік, жартылай финалға 16 спортшы жолдама алса, финалдық жарыстарға 8 үздік спортшы қатысады.

Осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық, Артур Миронов 25-сатыдан көрінді. Бұл жолы сәтсіздікке ұшырағанымен, тәжірибе мен жігер келесі сайыстарда кәдеге жарары сөзсіз.

Ал 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде ел намысын қорғаған қос спортшымыз, өкінішке қарай іріктеу кезеңінен аса алмады.

Нәтижелер:

100 метр, брасс әдісі:

Айбат Мырзамұратов – 1:01.22 (13-орын)

Артур Миронов – 1:02.31 (25-орын)

50 метр, баттерфляй әдісі:

Ришат Жұмағұлов – 24.19 (21-орын)

Глеб Коваленя – 24.87 (40-орын