Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 17 шілде күні шамамен сағат 15:00-де Орал-Озинки жолының 64-шақырымында Бәйтерек ауданы Усихино елді мекені тұсында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігін басып озамын деп, рульге ие бола алмай, оның артқы бөлігіне соғылған. Соққы салдарынан жеңіл автокөлікте өрт шығып, жанып кеткен.

− Оқиға орнында Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, − деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын жазған едік.