Бөлімдер
Жаңалықтар

6 пайызбен ипотека алуға өтінім қабылдау басталады

Бағдарламаға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысында “Қызылжар жастары” бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Ипотека беру былтырдан бастап жүзеге асырылып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мөлшерлеме – 6%, бағдарламаға жасы 35-тен аспаған жас мамандар мен жас отбасылар қатыса алады.

“Қызылжар жастары” бағдарламасының шарттары:

  • мөлшерлеме – 6 %;
  • бастапқы жарна – 10 %;
  • мерзімі – 19 жыл;

Несиенің ең жоғары сомасы:

  • Петропавл қаласында – 15 млн теңге;
  • Облыс аудандарында – 10 млн теңге.
  • Облыс маңындағы бірінші немесе екінші нарықтағы тұрғын үйді алуға болады.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:

  • Жасы 35-тен аспауға тиіс (өтінім берген сәтте);
  • Соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы қажет;

Мына салалардың бірінде ресми түрде жұмыс істеуі керек:

  1. денсаулық сақтау;
  2. ветеринария;
  3. мәдениет;
  4. спорт;
  5. әлеуметтік қорғау;
  6. азаматтық қорғаныс;
  7. энергетика.

Қатысушылар балдық жүйе бойынша іріктеледі.

Ол кезде мыналар ескеріледі:

  • әлеуметтік статусы;
  • отбасылық жағдайы;
  • баласы бар-жоғы;
  • кәсіби тәжірибесі.

Өтінім 26 мамырдан 11 маусымға дейін қабылданады.

Құжаттарды Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58а мекенжайындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тапсыруға болады.

Жұмыс кестесі: сағат 9:00–18:30, үзіліс сағат 13:00–14:30.