Сонымен қоса arabnews басылымы ондаған тұрғынның жарақат алғанын хабарлады.

Қаралы оқиға Үндістанның шығысындағы муссон жауыны уақытында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдің төтенше жағдайларды басқару департаменті Бихар аймағында сәрсенбі және бейсенбі күндері тіркелген қатты жаңбыр салдарынан бірнеше адамның қаза тапқанын мәлімдейді.

Қайғылы оқиға құрбандары – шаруалар мен дала жұмысшылары. Қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін.

Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен найзағай әлі тоқтамаған.

Аймақтық апаттарды басқару министрі Виджай Кумар Мандал жауапты шенеуніктерге төтенше жағдай туралы ескерту жасап, қажетті сақтық шараларын қабылдауға нұсқау бергенін жеткізді.

Сонымен қоса, Үкімет найзағайдан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион рупий (4600 доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін жария етті.