Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-дипломат Сәкен Мамашқа үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

- Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, Сәкен Мамаш 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесінен айырылды, — деді судья Артур Абдыханов үкімді оқи тұрып.

Үкімде айтылғандай, жәбірленуші тарап С.Мамашты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамады. Осы орайда қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Алайда сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куә, айғақтарымен, сараптамалық қорытынды, бейнежазбалар, скриншот және өзге де іс материалдарымен дәлелденді.