Мал азығымен қамтамасыз ету ахуалы тұрақты және Министрліктің тұрақты бақылауында , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025–2026 жылғы қысқы кезеңге дайындық аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығын дайындау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Ағымдағы жылы мал азығы дақылдарының егіс алқабы 3,3 млн гектарды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық (3,2 млн га).
Жалпы қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп (сенаж), 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесіндегі жедел деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп (жоспардың 43,4%-ы) және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген.