Сингапурлық әйел Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан "Герань алаңы" маңында түрлі жарақаттар алған. Әйел адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 шілдеде кешке зардап шеккен азаматшаны эвакуациялау үшін "БАУ" бақылау-құтқару бекетінен бес адамнан құралған құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.

Сағат 18:30-да құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен әйелге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, оны төменге қарай тасымалдауды бастады. Кейінірек әйелді ауруханаға жеткізу үшін "Аюсай" визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум маңына жедел жәрдем тобы шақырылды.

Құтқару қызметі туристерге таулы жерлерге сапар шеккенде қауіпсіздік шараларын сақтауды және алдын ала жақындарын немесе жедел қызметтерді жоспарланған маршрут туралы хабардар етуді ескертеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget