Осылайша, Абдуқадир Хусанов Ағылшын Премьер-Лигасында жасындай жарқылдап келеді.

Ол – Өзбекстан ұлттық құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейтингте А.Хусанов 2024/25 маусымында 36,27 шқ/сағ жылдамдықпен ең жоғары жылдамдықтағы ойыншылар тізімінде 7-орынға жайғасқан. Қорғаушы мұны чемпионаттың 28-туры аясындағы ойында тіркеді.

Премьер-лиганың ең жылдам ТОП-10 ойыншысы:

1. Микки ван де Вен – "Тоттенхэм": 37,38 шақырым/сағат;

2. Энтони Эланга – "Ньюкасл" / "Ноттингем Форест": 36,65 шқ/сағ;

3. Брайан Мбеумо – "Брентфорд": 36,65 шқ/сағ;

4. Карлос Борхес – "Вулверхэмптон"/ "Аякс": 36,58 шқ/сағ;

5. Янкуба Минте – "Брайтон": 36,40 шқ/сағ;

6. Уилсон Одобер – "Тоттенхэм": 36,36 шқ/сағ;

7. Абдуқадир Хусанов – "Манчестер Сити": 36,27 шқ/сағ;

8. Эммануэль Агбаду – "Вулверхэмптон": 36,15 шқ/сағ;

9. Эрлинг Холанд – "Манчестер Сити": 36,01 шқ/сағ;

10. Маркус Рэшфорд – "Манчестер Юнайтед": 35,35 шқ/сағ.

Осыған дейін Абдуқодир Хусановтың трансферлік құны көз ілеспес жылдамдықпен көтерілгенін жазған едік.