Психолог Құралай ауыр терапиядан өткенін айтты.
Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Табыт терапиясы деген бар. Оны мықты психологтар жасайды. Құлағыңа құлаққап қосады, жаназа шығып жатқан секілді. Алдымен табытқа жатқызады, сосын медитация жасатады. Кәдімгідей имамның дауысын қойып қояды. Толығымен өліп бара жатқан секілді қоштасасың. Оны әркімге кеңес бермеймін, өте қиын. Сол кезде ең бірінші жолдасыммен қошатасып жатқаным көзіме келді. Балаларыммен қоштастым. Медитацияда жатқанда анам келіп тұрғанды көрдім. Жақында ғана інімнен айырылдым, енді анамен менен де айырылса анам құлап қалады. Анам үшін өмір сүремін, анамн кейін кетемін, өлмеймін дегенге келдім”, — деді психолог.