Соққыға жығылған Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов қазір Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында емделіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram-дағы Nashkostanay парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, дәрігер ұлттық орталыққа жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі жарақаты, ми жартышарының оң жағында субдуралдық қан құйылу, қарақұстың жабық сызықтық сынуы диагноздарымен жеткізілген.
"Бүгінде науқастың жағдайы оңалып келеді. Науқас есін біледі, байланысқа түседі, бағдарлай алады. Бас миының ауыр жарақаты бойынша диагностикалық хаттамаларға сәйкес дәрілік ем тағайындалды", – делінген хабарламада.