Қазақстанда жасөспірімдердің өміріне қауіп төндірген кітаптар мен мобильді қосымшалар анықталып, тәркіленді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Ерлан Карин Мәжіліс депутаты және журналист Нартай Аралбайұлымен сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда екі мектеп оқушысы әлеуметтік желідегі қауіпті контентті көргеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу барысында басқа балалар да осындай мазмұндағы материалдарды тұтынғаны белгілі болған.

Ерлан Карин трагедиядан кейін кәмелетке толмағандардың өміріне төнген қауіптің арта түскенін атап өтті. Мамандар балаларды агрессия мен зорлыққа итермелейтін контентпен күресті күшейтті.