«Таза Қазақстан » ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.

Ресейдің Манжерок қаласында өтіп жатқан Халықаралық экологиялық конференцияда осылай деген үкімет басшысы елдегі бастаманың мәні ерекше екеніне тоқталды. Олжас Бектенов бүгінде экологиялық қауіпсіздік күн тәртібіндегі маңызды мәселе болу тиіс деді. Сондай-ақ, үкіметтің экологиялық заңнаманы жетілдіруде озық технологияларды енгізіп, экологиялық бақылауды цифрландырып жатқандығымен бөлісті. Қазіргі таңда Қазақстанда Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылып, ерекше қорғалатын аумақтар желісі дамытылуға да күш салынған. Олжас Бектенов Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.