Мұндай ақпаратты Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының баспасөз қызметі таратты.
Мемлекеттік айыптаушылар күдіктілерге (Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева) ұзақ мерзім сұраған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот үкімі бүгін сағат 15:00-де оқылмақ.
Бұған дейін сотта айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін мүліктер белгілі болды.
Прокурорлар сотталушыларға 10 жыл аралығында қайырымдылық үшін қаражат жинауға тыйым салуды сұрады.
Осыған дейін Ғайни Алашбаеваның телефонындағы жазбалар жұрттың ашу-ызасын тудырғанын жазған едік.