Асхат Жіткеев Дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды , деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев жаңа қызметке кірісті.
Ол Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы қызметінен босап, федерацияның вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Танымал дзюдошы бұған дейін де еліміздің дзюдо саласының дамуына елеулі үлес қосқан.
2011-2012 жылдары ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарса, 2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болды.
2023 жылдың сәуірінен бері Азия дзюдо одағының рефери-директоры қызметін де абыроймен атқарып келеді.
Ал бос қалған бас хатшы қызметіне Тимур Болат тағайындалды.