Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда “дөрекі“ жарнама баннері жұрт назарына ілікті

Алматыда “дөрекі“ жарнама баннері жұрт назарына ілікті

Алматыда BI Group компаниясының баннері тұрғындардың назарын аударды. Жарнамада көліктің нөмірі бейәдеп сөз секілді оқылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда BI Group компаниясы баннер іліп, онда “314ZDA01” нөмірлі көлік бейнеленген. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

“Бұл — елдегі ең ірі компаниялардың бірі әрі баннер қаладағы ең көп жүретін көшелердің бірінде тұр”, – делінген жарияланған жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty | Новости (@qazaqstan.kz)

Компания не дейді?

BI Group компаниясы баннер екі күн бұрын ауыстырылғанын мәлімдеді.

“Баннердің дизайнын жасау және басып шығару барысында техникалық қате кеткен. Қазір мәселе шешілді, жағдай реттелді”, – делінген компания пікірінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget