Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қазақстанда күмістен жасалған коллекциялық монета пайда болды.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы "Ұлы қолбасшылар" сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын сатылымға шығара бастайды.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 1000 теңге, таралымы — 2000 (екі мың) дана.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!