Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы И.Панфилов көшесінің Тәуелсізідік даңғылынан тұйық көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты 25 шілде 5 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастыралатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.