Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау прокуратурасы North Caspian Operating Company (NCOC) мұнай консорциумынан экология талаптарын бұзғаны үшін 3,6 млрд теңге өндіріп алды.

Қадағалаушы орган хабарлағандай, тексеру барысында экологиялық рұқсатсыз алауларда шикі газды шамадан тыс жағу фактілері анықталды.

Прокуратураның актісімен, жер қойнауын пайдаланушы ӘҚБТК-нің 356-бабы (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді.

Прокуратура компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу және экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударуды ескертеді.