Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкі хабарлады .
Ертеңнен бастап Александр Македонский коллекциялық монеталары сатылымға шығады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ұлы қолбасшылар" сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап https://kazcoins.nationalbank.kz банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.