Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып , жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!» – деп жазды президент.
Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Алтынбек әлемдік беделді опера байқауында жеңімпаз атанғаны хабарланған болатын.