Еуропалық комиссия Қытайдың Temu онлайн-сауда платформасына заңсыз тауар сатып, халықаралық цифрлық қызмет туралы заңды бұзды деген айып тақты.
Компания жылдық айналымының 6 пайызына тең көлемде айыппұл арқалауы мүмкін. Еурокомиссия платформаға «Жасырын сатып алу» әдісімен талдау жүргізіп, сауда алаңын пайдаланушылардың заңсыз тауарға тап болуы жоғары екенін анықтаған. Бұл тізімде балалар ойыншықтары мен ұсақ электроника бар. «Мұндай өнімдер қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», — дейді комиссия өкілдері. Жыл басында Temu-дің ай сайынғы пайдаланушылар саны 292 миллионға жеткен. Олардың дені – ЕуроОдақ тұрғындары.