depositphotos.com

Түркия Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыс көлемі бойынша 5-ші орында тұр. Былтыр тауар айналымы 5 млрд долларға жетті.

Оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 млрд доллар болса, импорт 1,7 млрд долларды еңсерді. Негізінен мұнай және мұнай өнімдері, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, табиғи газ бен мақта экспортталды. Импорттың басым бөлігі дәрі-дәрмек, күнбағыс тұқымы, киім, автокөліктер мен олардың бөлшектеріне тиесілі. Ал биылғы бес айда тауар айналымы 2 млрд долларға жуықтады. Қаңтар-мамыр аралығында 1,3 млрд доллардың тауары экспортталып, 643 млн доллардың өнімі импортталды.