Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы Алан қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Бұл жайлы оның қарындасы Диана Айдархан әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Біз Аланды жоғалтып алдық», — деп жазды ол өз блогында.
Бұған дейін Диана бауырының жоғалғанын Threads әлеуметтік желісінде хабарлаған болатын.
Айта кетейік, қазіргі таңда оқиғаның нақты жай-жапсары әлі белгісіз.