Жоба Әділет министрлігінде қаралып жатыр .
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырсынан кейін өткен брифингте елімізде тағы бір кәсіби мереке бекітілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев үкіметке азаматтар мен кәсіби қауымдастықтардан белгілі бір күндерді мемлекеттік немесе кәсіби мерекелер деп тану туралы өтініштер көптеп түсетінін мәлімдеген еді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері еңбек министрлігі өкілінен ресми түрде Энергетик күні бекітілуі мүмкін бе екенін сұрады.
"Бүгінде Энергетик күні бойынша мәселе бұйрықты бекітуге келіп тіреліп тұр. Жоба әділет министрлігінде. Егер жақын арада келіссек, күнін – 22 желтоқсанды бекітеміз", – деді вице-министр.