Астанада Қорғалжын тас жолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың ортасында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы дәл осындай жұмыстар Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізілетінін де нақтылайды.

"Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тас жолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз", делінген хабарламада.

Сол секілді Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі:

"Осыған байланысты 26 маусым — 6 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады".

Жол жөндеу, Астана, Сейфуллин көшесі, сурет — Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 18:42

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.