Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде, Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бесінші отырысының қорытындысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бесінші отырысының шешімін және Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында Бірлескен декларация қабылданды, делінген Ақорда хабарламасында.