Шанхайда жол қозғалысын қада­ғалайтын кішкентай жол сақшысы пайда болды.

«Сяо Ху» атты жаңа робот қала тұрғындарының назарын өзіне аудар­ды. Робот жол ережесіне қатысты әртүрлі қозғалыс жасайды. Сондай-ақ «қызыл жарық жанды, тоқтаңыздар» деген сияқты дауыстық командалар беріп, жол қозғалысы ережелері жайлы қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. Қазіргі таңда робот-сақшы үйрену кезеңінде. Инженерлердің айтуынша, бұл тәжірибе болашақта үлкен қалалардағы жол қауіпсіздігін автоматтандыруға сеп болады.