Самарқанд облысында Zeboyi Jahon лақап атымен танымал әнші Зебинисо Носированың денесі табылды. Күйеуі қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

Әртістің көз жұмғаны туралы ақпаратты Milliy TV арнасындағы Millar бағдарламасы хабарлады. Оның айтуынша, оқиға 26 шілдеде болған.

Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, бұл істегі басты күдікті – әншінің күйеуі.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол Зебинисоға балаларын көру үшін келген. Ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, нәтижесінде ер адам әйелін тұншықтырып өлтірген. Ол сол жерде қайтыс болған.

"Менің әпкем бұлау өлуге лайық емес еді. Мен сол күні жұмыста едім, жедел жәрдемде жұмыс істеймін. Сағат 4-тер шамасында әйелім телефон соғып, әпкеме бірдеңе болды деді. Анама телефон соқтым – ол: "Тез кел, өлтіріп кетті" деді. Үш ұлыңның анасы, өз әйеліңе қалай бұлай етесің?" — дейді марқұмның бауыры.

Ол әпкесін өлтірген адамға ең ауыр жазаны беруді сұрайды.

Бас прокуратура журналистерге 1992 жылы туған адамның ұсталғанын хабарлады. Оның үстінен Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марқұм болған әнші 33 жаста еді. Артында үш баласы қалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз