Шараны ұйымдастырушылар бұл өңірді кездейсоқ таңдаған жоқ.
Себебі, дәл осы жерде Батыс Қазақстан облысында әйгілі еділбай қой тұқымы өсірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты eldala.kz-ке сілтеме жасап.
16 тамызда Орал қаласында алғаш рет Auyl Fest "Қой шаруашылығы 2025" халықаралық фестивалі өтеді. Қазақстанның аграрлық саласын дамытуға инвестиция салуға дайын фермерлер, сарапшылар мен инвесторлар форумы басты оқиға болмақ.
Қонақтардың назарына қой жүнінен және теріден жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, қой етінен жасалған тағамдардың аспаздық байқауы, шопан және аңшылық тұқымды иттер көрмесі сияқты бірқатар тақырыптық алаңдар ұсынылады.
Шараға келген қонақтар ет жеу турниріне, қой қырқу сайысына және ұлттық ойындарға қатыса алады.
Сондай-ақ, фермерлер асыл тұқымды қойларды арнайы аукционда сатып ала алады.
Қонақтарды Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында 16 тамызда сағат 9-дан 18-ге дейін күтеді.