Павлодарда полиция адам ағзасын сату әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге Павлодарға бүйрегін сату мақсатында көрші мемлекеттің азаматы келгені туралы жедел ақпарат келіп түскен. Баға мен шарттарды талқылағанан кейін ол ағзасын сатуға келісім берген.
"ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", — деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз