Орманға келтірілген шығын көлемі 519 млн теңгеден асады.

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, "Семей орманы" аумағынан 260 мыңнан астам көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.

Курчатов қалалық соты екі жергілікті тұрғынды 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.