Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесін зиярат етті